Үздік ондыққа енді
Үздік ондыққа енді
Қазақстан ұлттық құрамасы Халықаралық теннис федерациясы (ITF) Дэвис кубогы рейтингіндегі көрсеткішін жақсартты. Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, ұлттық құрама 13-орыннан 9-сатыға көтерілді. Осылайша, Қазақстан құрамасы үздік ондыққа кірді. Бұл көрсеткішке теннисшілер Дэвис кубогының іріктеу кезеңінде Норвегия құрамасын жеңуінің арқасында қол жеткізді. Мұнымен қоса, құрама әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алды. Дэвис кубогының финалдық кезеңі биыл қыркүйек айында, плей-офф бәсекелері қарашада өтеді. Финал мен плей-офф ойындары болатын қалалар наурыздың аяғы не сәуірдің басында анықталады.

А.ЖАСАНҰЛЫ