Ақтөбенің әуежайы жабылды
Ақтөбенің әуежайы жабылды
17 наурыздан бастап Ақтөбе әуежайы жабылады. Әуежайдың жұмысы ұшу-қону жолағындағы ақаулар түзетілген соң қайта жанданады. Бұған дейін Индустрия және инфра­құрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев тапсырмасы бойынша Ақтөбе әуежайында ұшу-қону жолағын тексеру жүргізілген болатын. Арнайы топ ұшу-қону жолағында жарықшақтар, әуеайлақ плиталарының, мастиканың қабыршақтануы сияқты фактілерді анықтады. Комиссия шешімімен мұнда ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Өз кезегінде Ақтөбе жөндеу жұмыстарын жүргізуді қаржыландыруға дайын екенін жеткізді.

Ш.АТЫХАН