Үкіметтің ең басты міндеттерінің бірі – халық табысының тұрақты өсуін қамтамасыз ету. Жалақы деңгейінің төмендігі, нақты табыстардың өсу қарқынының баяулауы мен инфляцияның рекордтық өсуі, кірістердің біркелкі бөлінбеу үрдісі нәтижесінде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Халықтың табысын арттыру мақсатында осы бағдарлама жасалынды. Бұл құжат кешенді сипатқа ие. Онда алдағы 2-3 жылда дәрігерлердің, медицина қызметкерлерінің, мұғалімдердің, профессорлық-оқытушылар құрамы мен ғалымдардың, халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері мен спорт төрешілерінің жалақысын айтарлықтай арттыру қарастырылған. Сонымен қатар жастарды жұмыспен қамтуға және халықтың жекелеген әлеуметтік осал топтарын әлеуметтендіруге ерекше көңіл бөлінеді. Бағдарламада сондай-ақ экономиканың әртүрлі саласында тұрақты жұмыс орындарын құру арқылы ауқымды жұмыспен қамтуды дамыту және нарықты отандық азық-түлік тауарларымен толтыру, кезекте тұрғандарға жалға берілетін тұрғын үй төлемінің бір бөлігін субсидиялау арқылы табыстың сатып алу қабілетін қорғау шаралары көзделген. Бұл бағдарламаның тағы бір басты бағыты – ауылдарда жаңа үй шаруашылықтарын құру, агроөнеркәсіптік кешенде инвестициялық жобаларды іске асыру және 37 мың ауыл тұрғынына өз ісін ашуға жеңілдетілген шағын несие беру шаралары арқылы ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуды арттыру болмақ. Жалпы алғанда, бағдарламада әлеуметтік-экономикалық қозғау салу шаралары қарастырылған деп ойлаймын. Оның нәтижесі, егер инфляциялық ахуал болжамды аяда болса, биылғы жылдың аяғына дейін сезіле бастауы мүмкін.
Ернар СЕРІК, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Макроэкономика- лық зерттеулер және болжамдау орталығы директорының орынбасары