Ұсыныстар ескеріледі
Ұсыныстар ескеріледі
Қызылорда облыстық пар­тия филиалының ұйымдас­тыруы­мен облыстық Құрылыс басқармасы басшысының мін­детін атқарушы Б.Шаханов және облыстық Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау бас­қармасы басшысының орын­басары М.Мырзабеков партия алаңында қоғамдық қабылдау жүргізді. Тұрғындарға заң аясында кеңес беріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қабылдауға келушілер құрылыс және сәулет саласына қатысты сұрақтармен қатар, әлеу­меттік мәселелерді де тілге тиек етті. Атап айтқанда, құрылыс мате­риал­дары бағасының қымбаттауы тұрғын үй құрылысы мен бағасына әсері, құрылыс сапасы мен жобалау барысында ескерілуі қажет ұсы­ныстар аталды. Қабылдаушы та­рап­тар сұрақтарға заң аясында жауап беріп, көпшіліктің ұсынысы ескерілетінін жеткізді.