Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы тұрғын үй бағасының 5,5 пайызға өскенін хабарлады. Бұл соңғы сегіз жылдағы ең жоғары көрсеткіш болды. Айта кету керек, бағаның рекордтық өсімі қайталама нарықтағы тұрғын үйлерге тиесілі. Сондай-ақ жаңадан салынған үйлердің бағасы да 0,4 пайызға көтерілген екен. Негізінен, баспана бағасының күрт өсуі Нұр-Сұлтан қаласында байқалып отыр. Мұндағы жылжымайтын мүліктің құны 10 пайызға өскен екен. Елордадағы баспананың әр шаршы метрі орта есеппен 590 мың теңге тұрады. Баға көрсеткіші бойынша Атырау мен Талдықорған да көш басында.
Ш.АТЫХАН