"Бесінші қатар – 600 мың". Барахолка базарындағылар жалдау ақысына шағымданды
"Бесінші қатар – 600 мың". Барахолка базарындағылар жалдау ақысына шағымданды
Сурет: depositphotos.com
335
оқылды

Алматы қаласындағы "Барахолка" базарындағы киім-кешек бағасы 30% қымбаттады. Ақбұлақ базарының саудагерлері мұны жалға алатын орын бағасымен байланыстырып отыр. Айтуларынша, контейнер қожайындары жалдау ақысын екі есе көтеріп жіберген, - деп хабарлайды 31-арнаның "Информбюро" бағдарламасы.

"Мен үшін жалдау ақысын дайындау, расымен де, қиын. 3-4-қатардағы орындар – 400-450 мың теңге. Ал 5-6-қатардың жалдау ақысы – 600 мың теңге болып тұр", – деді кәсіпкер Зурагүл Асанова.
Базардың кіреберісінде сауда жасайтын Ұлжалғас Естаева базарға келушілердің күрт азайғанын айтады.
"Жалдау ақысын шығару бізге уайым болып отыр. Шығара алмасақ, бәріміз босып кетеміз бе? Уайымымыз осы. Ай сайын көтеріп, 5-10 мың теңгеден қоса береді. Бір метрлік бір орынның ақысы – 150 мың теңге. Өзіңіз есептей беріңіз", – деді саудагер Ұлжалғас Естаева.
  Базар әкімшісі сауда нүктелерін сатып алған қожайындармен ортақ мәмілеге келуге кірістік деп отыр. Айтуларынша, жалдау ақысы түспесе, баға әрі қарай қымбаттай береді.
"Ортадағы бутиктер қымбаттау. Ол жерде сауда жақсы жүре ме? Өзіміз де түсінбей отырмыз. Түсіреміз енді",  – деді "Ақбұлақ" базарының менеджері Шаукет Избакиев.