31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасының хабарлауынша, Павлодар облысына қарасты Ақсу қаласының орталық саябағында Лениннің 10 бірдей бюсті сақталған.
Оларды идеология тұрғысынан әбден ескірген дүниелер деп атаған қоғам белсенділері олардың орнына елдің даңқты тарихи тұлғаларын бейнелеуді ұсынды. Мәліметтерінше, бір Ақсу қаласының өзінде кеңестік күн көсемнің 21 ескерткіші ба екен. Павлодар қаласында да Ленин мүсіндері жеткілікті."Бұл ескерткіштер тоқсаныншы жылдың басында Ақсу ауылдық аймағының барлық елдімекендерінен жиналып әкелінген. Мұның ешқандай мемлекеттік маңызы жоқ. Тек саябақ аумағында орналасқандықтан жыл сайын ақтау, сырлау жұмыстары жүргізіледі", – деді Ақсу қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қанатбек Байманов.