Қостанай облысында қар құрсауында қалған жүзден астам адам құтқарылды
Қостанай облысында қар құрсауында қалған жүзден астам адам құтқарылды
263
оқылды
11-12 наурызда ТЖД қызметкерлері қар құрсауында қалған 122 адамды, оның ішінде 7 баланы құтқарды, автожолдардың тазартылған учаскелеріне 9 автокөлікті сүйреп шығарды, деп хабарлайды Қостанай облысының ТЖ департаменті. Құтқару жұмыстары Қамысты, Сарыкөл, Науырзым және Жангелдин аудандарының жолдарында, сондай-ақ Арқалық пен Жітіқара маңында жүргізілді. 2022 жылдың 12 наурызында ұйымдастырылған 2 құтқару операциясын ерекше атап өткен жөн.
"ТЖД  Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері сағат 04:50-ден 11:45-ке дейін Арқалық қаласы мен Алуа ауылы арасындағы аудандық маңызы бар жолда қар құрсауында қалған 8 жеңіл автокөліктен 49 адамды эвакуациялады, құтқарушылар 21 жолаушыны Арқалыққа жеткізді, қалғандарын жақын маңдағы елді мекендерге орналастырды. Осы күні Науырзым ауданында, Дәмді ауылынан 15 шақырым жердегі облыстық маңызы бар тас жолда 17 жеңіл автокөлік пен 1 жүк көлігі қар құрсауында қалып қойды. Салондарда 50 адам (оның ішінде 7 бала) болды. Сағат 07:10-дан 12:15-ке дейін құтқарылған азаматтарды ЖҚБ қызметкерлері Дәмді ауылының жергілікті мектебінде орналасқан ең жақын жылыту пунктіне орналастырды. Олар үшін жергілікті атқарушы органдар ыстық тамақ ұйымдастырды", – делінген хабарламада.
Құтқару операциялары сәтті өтті, ешкім медициналық көмекке мұқтаж емес, зардап шеккендер жоқ.