"Қазгидромет" Алматыда 13 наурызда күндіз қатты нөсер жауады деп ескертеді.
Қауіпсіздік мақсатында ТЖД мынандай шаралар қабылдауды ұсынады:
- балконнан қажетті заттарды алып тастау;
- үйлердің қабырғаларына жабысып, тығылмау;
- үйден шығарда терезелерді жабу,
- барлық электр құрылғыларын сөндіріп, ажырату;
- көлік терезесінде желден қорғаныс затын пайдалану,
- су өткізбейтін киім мен аяқ-киім кию;
- автономды жұмыс істейтін жарықты қамсыздандыру (май шамдар, керосин шамдары);
- көлікті автотұраққа немесе ағаштардан қауіпсіз қашықтықтағы алаңқайға қою;
- төтенше жағдайлар туралы SMS-хабарламаларға назар аудару және БАҚ-тағы ақпараттарды жіті қадағалау.