Петропавлда Береке шағын ауданында болған өрттен 5 адам көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
13 наурызда сағат 01:07-де СҚО төтенше жағдайлар департаментінің "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ 101 телефонына Мәскеу өткеліндегі 4 пәтерлі тұрғын үйден өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына барған өрт сөндіруішілер №3 пәтер жанып жатқанын анықтаған. Үйдің шатыры өртке оранып, қою түтін басқан. Өрт шыққаны туралы хабарлама құзырлы органдарға кеш берілген."Өрт сөндіру барысында 1975, 1979, 1960 жылдары туған үш ер адамның және 1960, 1967 жылдары туған екі әйел адамның денесі табылды. Қайтыс болған адамдардың денелері сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Үй орталық жылыту жүйесіне қосылған. Өрт сағат 01.53-те ауыздықталып, сағат 02.24-те сөндірілді", - делінген хабарламада.Өрт сөндіру кезінде Петропавл қаласы 4 өрт сөндіру бөлімінің 30 өрт сөндірушісі мен 6 техникасы жұмылдырылған. Өрт аумағы 60 шаршы метр болған.