Синоптиктер бірнеше өңірде ескерту жариялады. Ақтөбе облысының батысы мен оңтүстігінде тұман түседі. Ақмола облысының шығысында боран соғады. Түнде шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстік жартысында боран соғады. Оралда күндіз боран соғады. Күндіз Түркістан облысының таулы және тау бөктеріндегі аумақтарында қатты жауын-шашын (көбіне жаңбыр) жауады деп күтіледі. Таулы аймақтарда найзағай жарқылдап, тұман болады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ойысып, таулы аудандарда 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Қызылорда облысының солтүстігінде тұман түседі. Маңғыстау облысының солтүстігінде тұман түседі, көктайғақ болады деп күтіледі. Павлодар облысының оңтүстік бөлігінде боран соғады. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен, шығыстан соққан желдің екпіні - 15-18 м/с, Павлодарда түнде боран соғып, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с жетеді. Қарағанды облысының солтүстігінде, орталығында көктайғақ, бұрқасын болады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Жезқазғанда таңертең тұман түседі. Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде боран соғады. Облыстың оңтүстік-шығысында түнде шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.