Шымкентте көшеден табылған тастанды баланың анасы табылып, оған қатысты іс қозғалды. 10 наурыз күні Т.Рысқұлов көшесінде орналасқан көпқабатты үйлердің бірінің ауласында жаңа туған нәресте табылған болатын. Аталған жайт бойынша әл-Фараби ауданы полиция басқармасының қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 119-бабы 1-бөлігімен (Қауiптi жағдайда қалдыру) қылмыстық істі тіркеді. Бүгін Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі тастанды сәбидің анасының табылғандығы туралы ақпарат таратты. э
«Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 1995 жылы туған азаматша анықталып, полицияға жеткізілді. Қазіргі таңда тергеп-тексеру амалдары жалғасуда. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне орай жария етуге жатпайды», - делінген хабарламада.