Түркістанда қорықшыға шабуыл жасалды. Оқиға Шардара су қоймасында рейдтік іс-шаралар өткізу кезінде болған. Шамамен 10 адамнан тұратын топ «Шардара балық» ЖШС-нің қорықшылық қызметінің қызметкеріне шабуыл жасаған. Нәтижесінде қорықшылық қызметінің автокөлігіне материалдық залал келді. Ал, зардап шеккен қорықшы дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.
«Инспекторлар оқиға орнына полиция қызметкерлері шақырды. Қазір кейбір шабуылдаушылар анықталып, Түркістан ПД Келес аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен оларды ұстау бойынша іс-шаралар жүргізуде»,-деді Балық шаруашылығы комитетінің ресми өкілі Аслан Жеңісұлы.Аталған факті бойынша қазір тәртіп сақшылары сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.