13 жастағы Заңғар Нұрланұлы Еуропадағы теннис турнирінде жеңіске жетті
13 жастағы Заңғар Нұрланұлы Еуропадағы теннис турнирінде жеңіске жетті
332
оқылды
13 жастағы қазақстандық Заңғар Нұрланұлы 14 жасқа дейінгі ойыншылар арасында Словакияда өтіп жатқан Baseline Open U-14 2022 Tennis Europe сериясының екінші категориядағы турнирінде жеңіске жетті. Ол Банска-Бистрицада өтті, – деп хабарлайды Vesti.kz. Финалда Нұрланұлы Зиго Шешконы (үшінші нөмір) 3:6, 6:2, 7:6 (1) есебімен жеңді.
"Әрине, жеңісімді тойлаймын. Бірақ демалуға уақыт жоқ, жұмысты жалғастыру керек. Біраз демалып, содан кейін Португалиядағы турнирде ойнауға ниетім бар. Содан кейін құрама сапында Үндістанға барамын, онда жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатына іріктеу матчтары өтеді. Ұлттық команда үшін ойнау - өте жауапты іс. Құрама сапындағы дебют өмір бойы есте қалатын сәттердің бірі болады", – деді Заңғар Нұрланұлы.