Қазақстан Украинаға гуманитарлық көмек жіберді
Қазақстан Украинаға гуманитарлық көмек жіберді
©www.inform.kz
296
оқылды

Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасын орындау үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Украинаға гуманитарлық көмек жіберді. Бұл жайында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Украина азаматтарына гуманитарлық көмек 14 және 15 наурызда Алматы қаласының әуежайынан екі рейспен жіберілетін болады. ҚР Үкіметі жанындағы Халықаралық гуманитарлық көмек көрсету мәселелері жөніндегі комиссия Украина халқына медициналық препараттар партиясын бөлу туралы шешім қабылдады. Украина тарапынан осындай өтініш түскен соң Президент Қасым-Жомарт Тоқаев украин халқына шұғыл гуманитарлық көмек көрсету жөнінде нақты тапсырма берді.