Сүлейменова мен Тохтасуновтың депутаттық өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды
Сүлейменова мен Тохтасуновтың депутаттық өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды
297
оқылды
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар Зүлфия Сүлейменова мен Владимир Тохтасуновтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылданды. Екі депутат та міндеттерін атқарудан өз еркімен босату туралы өтініш берді. – Осыған орай Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы сіздердің назарыңызға ҚР Конституцияның 52-бабына, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық Заңның 24-бабы 3 және 8-тармақтарына сәйкес, Мәжіліс депутаты З. Сүлейменованың өтініш беруіне байланысты оның өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шешу үшін ұсыным енгізіп отыр, – деді ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов. Мәжілістің жалпы отырысында палата депутаттары аталған ұсынымға дауыс беріп, депутаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдады.