ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Бас прокуроры Берік Асылов қаңтар оқиғасы кезінде күштік құрылымдардың қаруды толық қолданбағанын мәлімдеді.
– Жас сарбаздарды ұрып-соғып, қорлаған видеоларды көрдіңіздер. Сол кездің өзінде шабуылшыларға күш қолданылған жоқ. Бұл әлсіздік ретінде қарастырылды. Мәселен, 5 қаңтарда шабуылшылар қоршауды бұзып өтіп, президент резиденциясына басып кірген. Қызылордада олар Камазды тартып алып, тәртіп сақшыларына әдейі беттеді. Олардың бірі қайтыс болды. Мұндай әрекеттер терроризм актісі ретінде қарастырылады. Олар қару қолдануға мәжбүр болды. Тәртіп сақшыларының қару қолдануға мәжбүр болғанын баса айтамын, – дейді Берік Асылов. Бұған дейін ҚР Бас прокуроры митингілер бастапқыда бейбіт түрде өткенін мәлімдеген болатын. https://www.youtube.com/watch?v=wDujUipiCb0&ab_channel=AikynGazeti