«Аманат» қоғамдық комиссиясының төрағасы, заңгер Абзал Құспан қаңтар оқиғасын тергеп-тексеру барысында комиссияның кейбір облыс прокурорларымен бірлесіп жұмыс істеуі қиынға соққанын жасырмады. Бұл жайында адвокат Мәжіліс отырысында мәлімдеді.
Оның айтуынша, бұл ретте тәуелсіз комиссияның жұмысын Президент, Мемлекеттік хатшы, Бас прокуратура тарапынан жоғары деңгейде қолдау көрсетілген. – Комиссияны жоғары деңгейде – Президент, Мемлекеттік хатшы, Бас прокуратура қолдағанына қарамастан, кейбір облыс прокурорлары тарапынан жұмыс істеу қиынға соқты. Мұндай тәртіпсіздіктің ұйымдастырылғаны анықталды. Өйткені олар әкімшілік ғимараттарды басып алмақ болған. Кейбір жағдайларда тәртіп сақшыларының дер кезінде әрекет етпеуі, әрекетсіздігі орын алды. Тіпті, оңтүстік өңірлерде тұрғындар бұрын-соңды көрмегендер де болған екен, – деді Абзал Құспан.