Алдағы үш күнде елімізде ауа температурасы түнде -28 градусқа дейін төмендейді
Алдағы үш күнде елімізде ауа температурасы түнде -28 градусқа дейін төмендейді
© baq.kz
141
оқылды
«Қазгидромет» РМК 15-17 наурыз күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады.
«Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағының басым бөлігі оңтүстік циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронтальді бөліктердің ықпалында болады. Циклонның әсерінен, жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, желдің күшеюі, батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста көктайғақ күтіледі. Тек Қазақстанның солтүстігінде, солтүстік-батыс антициклонының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі және түнгі температура  -17-ден  -28 градус аязға дейін төмендейді», - делінген синоптиктер болжамында.