«Қазгидромет» РМК 15-17 наурыз күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады.
«Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағының басым бөлігі оңтүстік циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронтальді бөліктердің ықпалында болады. Циклонның әсерінен, жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, желдің күшеюі, батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста көктайғақ күтіледі. Тек Қазақстанның солтүстігінде, солтүстік-батыс антициклонының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі және түнгі температура -17-ден -28 градус аязға дейін төмендейді», - делінген синоптиктер болжамында.