Мемлекетке опасыздық жасау, билікті күшпен басып алу және лауазымдық міндеттерін асыра пайдалану күдігі бойынша қамауға алынған ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовті қамауда ұстау мерзімі ұзартылды. Бұл туралы Бас прокуратураның Арнайы прокурорлар қызметінің басшысы Ризабек Ожаров хабарлады.
"Қазір Мәсімов қамауда. Менің білуімше, оны қамауда ұстау мерзімі ұзартылған", – деді ол Мәжілістің жалпы отырысынан кейін тілшілер сауалына.Бұған дейін Бас прокурор Берік Асылов қаңтар оқиғасына қатысты қамауға алынған Кәрім Мәсімовтің 17 жылға дейін сотталуы мүмкін екенін айтты.