Бұл туралы Мәжіліс отырысында Бас прокурор Берік Асылов хабарлады. Берік Асылов қаңтардағы оқиғалар мен тергеулер барысында ұсталғандар мен қаза тапқандар туралы айтты. Сонымен қатар, ол депутаттарға күш құрылымдарының жекелеген басшыларының іс-әрекеттерін құқықтық бағалау туралы мәлімдеді.
"5 қаңтарда екі полиция департаменті басшысы мен Алматыдағы үш департамент, сонымен бірге Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстарында департамент басшылары ғимаратты, соның ішінде қаруды қалдырып кеткені анықталды. Осы деректер бойынша 7 қылмыстық іс қозғалды. Олар бойынша тергеу әрекеттерінің негізгі көлемі аяқталды. Алматы ҰҚКД бастығы Нұрлан Мәжилов қамауға алынды. Қазір басқа адамдарға қатысты дәлелдемелерді жинау және талдау жүргізіліп жатыр", — деді ол.