"Тәртіпсіздікке 20 мың террорист қатысқан": Бас прокурор Тоқаевтың мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді
"Тәртіпсіздікке 20 мың террорист қатысқан": Бас прокурор Тоқаевтың мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді
Фото: REUTERS
183
оқылды
Қазақстанның Бас прокуроры Берік Асылов қаңтардағы жаппай тәртіпсіздікке сырттан 20 мың шетелдік террорист қатысты деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді.  Қаңтар айының басында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласына 20 мың содыр басып кіргенін мәлімдеген болатын.
“Бүгінгі таңда 19 шетелдік ұсталды. Олар Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан азаматтары. Олардың бәрі жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан. 20 мың шетелдік террорист болған жоқ, сіздер мұны қайдан алғандарыңызды білмеймін”, – деп жауап берді Асылов Мәжіліс отырысынан кейін журналистердің сауалына.
Оның айтуынша, қазір Қаржы мониторингі агенттігі қаңтар оқиғасына қатысқандарды ислам радикализмінің өкілдері қаржыландыруы мүмкін деген болжамды тексеріп жатыр. Бұған дейін Бас прокурор қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде екі полиция департаменті мен ҰҚК-нің үш департаментінің басшылары ғимараттарды қаруымен тастап кеткенін хабарлаған болатын.