Қазақстан қор биржасында доллар бағамы 512,25 теңге болып бекітілді
Қазақстан қор биржасында доллар бағамы 512,25 теңге болып бекітілді
© pixabay
139
оқылды
Қазақстан қор биржасында соңғы мәмілелер 1 доллар үшін 512,25 теңге бағамымен жабылды, – деп жазды inbusiness.kz.  Орташа сараланған бағам 90 тиынға әлсіреп, бір доллар үшін 511,74 теңге деңгейінде қалыптасты. Ал рубльге қатысты кросс-бағам паритетті қалпына келтіріп, бір рубль үшін 4,6 теңге бойынша транзакциялар жасалды. Ұлттық банктің бүгінгі ресми бағамы бір рубльге 4,4 теңге шамасында. Ал банктік қосымшалардағы доллар бағамы өзгерген жоқ. 1 долларды сатып алу – 513 теңге, сату – 519 теңге. Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында АҚШ валютасын сатып алу 515 теңге, сату 520 теңге.