Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушы Михаил Ломтадзе банктің банкротқа ұшырауына қатысты ақпараттың жалған екенін айтып, қазақстандықтарға үндеу жасады.
"Бұл нағыз далбаса. Мен Kaspi компаниясын 2007 жылдан бастап 15 жылға жуық басқарып келемін. Біздің жетістіктеріміз бен жұмысымыз үшін жеке жауаптымын. Біз еліміз үшін көп нәрсе жасадық, клиенттеріміз бізді жақсы көреді, мұндайда көптеген арам пиғылдылар мен жаман адамдар қызғанышпен қарап, ақша төлеп, өтірік қауесет таратып, арандатушылық ұйымдастырып, бәрін бүлдіруге тырысатыны анық. Біз ешқашан сүйікті клиенттерімізді қиын жағдайға қалдырған емеспіз және қалдырмаймыз. Бізге сенім артқандарыңыз үшін әрқайсыңызға рахмет! Біз әрқашан еліміздің, қазақстандықтардың және әрбір сүйікті клиентіміздің игілігі үшін жұмыс істейміз", - деді олБұған дейін Kaspi.kz басшысы Қайрат Сатыбалдының ұсталуына қатысты пікір білдірген болатын. https://www.youtube.com/watch?v=1fRFgKuDZ3o