Қазақстандық боксшылар бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатында бес алтын медаль жеңіп алды. Құрлықтық додада жастар арасында қыздарда бес қазақстандық алтын медаль алды. Олардың қатарында Томирис Мырзақұл (52 келі), Виктория Байдукова (54 келі), Ұлжан Сәрсенбек (57 келі), Бақыт Сейдіш (66 келі) және Кәмила Бажбенова (81 келі) бар. Ал Гаухар Шайбекова (70 келі) мен Аида Сарибарова (75 келі) күміс жүлдені қанағат тұтты.