Әлеуметтік желіде жаяу жүргіншілер өткелінде көліктің баланы басып кеткен видеосы пайда болды. Оқиға Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданына қарасты Маңғыстау ауылында болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 14 наурызда сағат 13:30 шамасында Маңғыстау ауылындағы «Келдаман» сауда үйіне қарама-қарсы тұста болған. Opel Vectra көлігінің жүргізушісі реттелмеген жаяу жүргіншілер өткелінде 6 жасар қызды қағып кеткен.
«Зардап шегуші аудандық ауруханаға жеткізілді. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін олар үйлеріне жіберілді. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 2-бөлігі және 611-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды», - деп хабарлады облыстық полиция.