Жемқорлық туралы хабарлағандар 10 миллион теңгеге дейін алуы мүмкін
Жемқорлық туралы хабарлағандар 10 миллион теңгеге дейін алуы мүмкін
Фото: Интернеттен алынды
152
оқылды
Енді жаңа жүйе бойынша жемқорлық туралы хабарлаған қазақстандықтар параның 10 пайызы мөлшерінде сыйақы ала алады. Бұл туралы Жемқорлыққа қарсы агенттіктің төрағасы Алик Шпекбаев айтты. Шпекбаевтың айтауынша, мұндай шешім таяуда үкіметте қабылданған.
«Енді сыйақы мөлшері ЭЫДҰ елдеріндегідей белгіленеді. Жемқорлық жайлы хабарлаған адам айыптау үкімі шыққан соң параның 10 пайызын ала алады», ­– деді Алик Шпекбаев.
Ол сыйақы мөлшері 10 миллион 600 мың теңгеге жететінін айтты.