Шымкенттік тұрғын баспаналы боламын деп бармағын тістеп қалды. Баспаналы етуді уәде еткен келіншек өзгенің 40 миллионға жуық қаржысын иемденіп, қашып кеткен. Бұл істі, полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы ( Алаяқтық) бойынша тіркеді. Қазір күдікті Полиция басқармасына жеткізіліп, аталған қылмыс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Күдіктінің осы тектес басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.