Қызылордалық шенеунік күдікке ілінді
Қызылордалық шенеунік күдікке ілінді
170
оқылды
Қызылордада облыстық Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары қамауға алынды. Оған қаржы жымқырды деген айып тағылды. Шенеунік құрылысы бітпеген нысанды қабылдау барысында 14 жарым миллион теңгені өз пайдасына жаратқан. Қазір іске қатысы бар басқа да тұлғалар анықталып жатыр. Күдіктінің кінәсі дәлелденсе, 12 жыл бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы тағайындалуы мүмкін.