Продюсер Баян Мақсатқызы күйеуі, елге белгілі кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзовтің бизнесін әлдекімдер күшпен тартып алғанын айтты. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды.
Баян Алагөзова YouTube арналарының бірінде ұсталған Қайрат Сатыбалды белгілі адамдардың бизнесін тартып алды деген даулы ақпаратқа пікір білдірді. – Шындықты айта алмадым. Себебі бізге қоқан-лоқы мен қысым көрсетілді. Жақын арада күйеуімнің бизнесін қалай тартып алғаны жөнінде бар шындықты айтамын. Елімізге танымал есімдерді атағанда таңғалмаңыздар. Сол себепті тергеу әділ жүреді деп үміттенемін. Негізі мұндай жағдай жүздеген кәсіпкердің басынан өтуі де мүмкін, – деп жазған продюсер.