Алматыда ер адам автобусқа кірген әйелге пышақ ала жүгірген
Алматыда ер адам автобусқа кірген әйелге пышақ ала жүгірген
©tengrinews.kz

Алматыда ер адам автобусқа басып кіріп, әйелге пышақпен ұмтылған сәті видеоға түсіп қалған. Кейін әлеуметтік желіде таралып кеткен. Бұл жайында Tengrinews.kz хабарлады.

Кадрда қоғамдық көліктегі бірнеше адам әйелге пышақ ала жүгірген ашулы жолаушыны тоқтатуға тырысқан. Әйелге тап беріп жатқан ер адам  одан өзін ұры деп айтқанын дәлелдеуді талап етеді, болмаса жала жапқан адамды өлтіретінін айтады. "Автобусқа отырдық, бір әйел даурығып, салонға жүгірді. Оның артынан ер адам пышақ ұстап жүгірді. Әйел телефоны ұрланғанын айтып, айқайлады. Ер адам пышақпен қорқытты. Автобуста хаос басталды. Бұл адамды қоғамнан оқшаулау керек. Осы жағдай қаралады деп үміттенемін", – деді оқиға куәгері. Видеодағы жазбада оқиға 7 ақпанда болған.