Иордания астанасы Амман қаласында бокстан жастар мен жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өтті. Қазақстанның құрамасы жалпы командалық есепте үшінші орын алды. Сонымен қатар спортшыларымыз 13 алтын, 14 күміс, 17 қола медаль иеленді.
Көш басында тұрған Өзбекстанның 20 алтын, 16 күміс, 7 қола медалі бар. Екінші орынға 15 алтын, 10 күміс, 18 қола медальмен Үндістан жайғасты. Атап айтсақ, жастар арасында Егор Егоров (71 келі), Темірлан Мұқатаев (86 келі), Томирис Мырзақұл (52 келі), Виктория Байдукова (54 келі), Ұлжан Сәрсенбек (57 келі), Бақыт Сейдіш (66 келі), Камила Бажбенова (81 келі) алтыннан алқа тақты. Ал жасөспірімдерде Айдар Қадырхан (52 келі), Төрехан Сабырхан (57 келі), Ахмет Үсен (63 келі), Санжар-Әли Бегалиев (66 келі), Аружан Жаңабаева (66 келі) және Кұралай Егінбайқызы (80 келі) чемпион атанды.