Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстанның Тәжікстан, Түрікменстан және Кубадағы жаңа елшілері тағайындалды, - деп хабарлады Ақорданың ресми сайты. Асқар Ерлікұлы Тәжібаев Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды; Уәлихан Әмірханұлы Төреханов Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды; Андриан Көпмағамбетұлы Елемесов Қазақстан Республикасының Куба Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.