Украина депутаты Путиннен Зеленскийдің көзін құртуды сұрады
Украина депутаты Путиннен Зеленскийдің көзін құртуды сұрады
© AP Photo / Ian Langsdon
275
оқылды
Украинаның Жоғарғы Рада депутаты  Илья Кива Ресей президенті Владимир Путиннен елдегі соғысты тоқтату үшін Украина президенті Владимир Зеленскийді  өлтіруді сұрады. Бұл туралы саясаткер «60 минут» бағдарламасында айтты, – деп жазады ura.ru
«Бұл соғысты тоқтатудың жалғыз жолы – өз халқын қырып жатқан және айналасына қауіп төндіретін террористердің көзін құрту.  Мен Зеленский мен оның айналасындағыларды айтып отырмын», – деді Кива эфирде.
Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин Украинамен келіссөздерде белгілі бір оң нәтиже бар екенін мәлімдеген болатын.