11 өңірде ескерту жарияланды
11 өңірде ескерту жарияланды
411
оқылды
Синоптиктер 11 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады. Түркістан облысының таулы, тау бөктеріндегі аймақтарында тұман күтіледі, күндіз найзағай ойнайды, батыста және таулы аймақтарда жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстікте, Алматы, Жамбыл облыстарының таулы аймақтарында, оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста, Жамбылдың таулы аймақтарында тұман күтіледі – жел 15-20, кей жерлерде 23 м/с күшейеді. Ақтөбенің солтүстігінде, батысында, Қостанай облыстарының оңтүстігінде жел күшейіп, боран соғады, Қостанай облысының шығысында, оңтүстік-шығысында тұман түседі. Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман күтіледі, күндіз солтүстікте – бұрқасын, көктайғақ, облыстың солтүстігінде, солтүстік-шығысында – жел 15-20 м/с күшейеді. Атырау облысының солтүстік-шығысында бұрқасын, қара көктайғақ, жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда облысының орталығында тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз облыс орталығында және оңтүстігінде көктайғақ болады. Ақмоланың оңтүстігінде, солтүстік-батысында, Солтүстік Қазақстан облыстарының оңтүстік-батысында тұман күтіледі. Шығыс Қазақстан облысында жолдарда бұрқасын, түнде солтүстік пен шығыста тұман күтіледі. Маңғыстау облысында көктайғақ, тұман күтіледі.