Синоптиктер 11 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады. Түркістан облысының таулы, тау бөктеріндегі аймақтарында тұман күтіледі, күндіз найзағай ойнайды, батыста және таулы аймақтарда жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстікте, Алматы, Жамбыл облыстарының таулы аймақтарында, оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста, Жамбылдың таулы аймақтарында тұман күтіледі – жел 15-20, кей жерлерде 23 м/с күшейеді. Ақтөбенің солтүстігінде, батысында, Қостанай облыстарының оңтүстігінде жел күшейіп, боран соғады, Қостанай облысының шығысында, оңтүстік-шығысында тұман түседі. Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман күтіледі, күндіз солтүстікте – бұрқасын, көктайғақ, облыстың солтүстігінде, солтүстік-шығысында – жел 15-20 м/с күшейеді. Атырау облысының солтүстік-шығысында бұрқасын, қара көктайғақ, жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда облысының орталығында тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз облыс орталығында және оңтүстігінде көктайғақ болады. Ақмоланың оңтүстігінде, солтүстік-батысында, Солтүстік Қазақстан облыстарының оңтүстік-батысында тұман күтіледі. Шығыс Қазақстан облысында жолдарда бұрқасын, түнде солтүстік пен шығыста тұман күтіледі. Маңғыстау облысында көктайғақ, тұман күтіледі.