Халық Президентке үміт артады
Халық Президентке үміт артады
275
оқылды
Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты  ақ­пан айында өткізген мониторингтің нәтижелерін жариялады. Зерттеу  қазақстандықтардың қандай  саяси институттарға сенім артатынын анықтау мақсатында ұйымдастырылыпты. 14 облыс орталығы, 3 рес­публикалық маңызы бар қала және 188 елді мекенді қамтыған зерттеуге  жасы 188-ден асқан 6 800 респондент қатысты. Зерттеу нәтижесінде  халықтың саяси билік институттары арасында Президентке айрықша сенім артатыны белгілі болды. Сауалнамаға қатысқан азаматтардың 81,4 пайызы Президентке сенім білдірген. Соның ішінде  рес­понденттердің  45,3 пайызы Мемлекет басшысына  қалт­қысыз сенетін болып шықты.  Одан соң респондент тұратын елді мекен әкімі, облыс және республикалық қалалардың әкімдері бұқараның сеніміне  кіріпті. Ал  Үкімет пен Парламентке деген сенім орташа деңгейде екені белгілі болды.