Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты ақпан айында өткізген мониторингтің нәтижелерін жариялады. Зерттеу қазақстандықтардың қандай саяси институттарға сенім артатынын анықтау мақсатында ұйымдастырылыпты. 14 облыс орталығы, 3 республикалық маңызы бар қала және 188 елді мекенді қамтыған зерттеуге жасы 188-ден асқан 6 800 респондент қатысты. Зерттеу нәтижесінде халықтың саяси билік институттары арасында Президентке айрықша сенім артатыны белгілі болды. Сауалнамаға қатысқан азаматтардың 81,4 пайызы Президентке сенім білдірген. Соның ішінде респонденттердің 45,3 пайызы Мемлекет басшысына қалтқысыз сенетін болып шықты. Одан соң респондент тұратын елді мекен әкімі, облыс және республикалық қалалардың әкімдері бұқараның сеніміне кіріпті. Ал Үкімет пен Парламентке деген сенім орташа деңгейде екені белгілі болды.