Елордада бетпердені кию режимі тек далада ғана міндеттелмейді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова мәлімдеді.
– Нұр-Сұлтан қаласы COVID-19 бойынша жағдайды тіркеу санының төмендеуін ескере отырып, 16 ақпаннан бастап «сары», ал 21 ақпаннан бастап эпидемиологиялық матрицаның «жасыл» аймағында орналасқан. Қалада тәулігіне алғашқы зертханалық расталған 3 жағдай тіркеліп, өсім 0.01% шамасында. Соңғы аптада COVID-19 бойынша 55 жағдай тіркелді. Алдыңғы аптамен салыстырғанда екі есеге төмендегенін көрсетті, – деді ол. Оның айтуынша, коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына байланысты республиканың Бас санитар дәрігері кейбір карантиндік шектеулерді алып тастау туралы шешім қабылдады. – Алайда 5 жасқа дейінгі балаларды, адамдардың тамақтану кезінде, сондай-ақ спорт сабақтарын өткізу кезеңдерін қоспағанда, жабық үй-жайлардың аумағында, яғни СОО-да, кинотеатрларда, фитнес клубтарда, қоғамдық тамақтану нысандарында және тағы басқаларында маскасыз кіруге және маскасыз жүруге жол берілмейді, – деді бас санитар дәрігер. Осы ретте ол елорда тұрғындары мен қонақтарын қарапайым қауіпсіздік іс-шараларын ұмытпауға шақырды.