Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.
Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы уақытта президенттің жақын туыстары саяси қызметке тұруына тыйым салынатынын хабарлады. – Мен бүгін еліміздің саяси жүйесін кешенді жаңғырту бағдарламасын ұсынғалы отырмын. Бұл құжат, ең алдымен, қоғамның қажеттілігіне және сұранысына негізделген. Біріншіден, президенттің жақын туыстары саяси қызметке тұруына тыйым салынады. Бұл туралы Конституцияда жазылады, – деді ол.