Президент: Конституцияның 30-дан астам бабына өзгеріс енгізу қажет
Президент: Конституцияның 30-дан астам бабына өзгеріс енгізу қажет

Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру үшін Конституцияға 30-дан астам өзгеріс енгізу қажет. Бұр туралы Мемлекет басшысының өзі айтты.

«Бүгінгі бастамаларым өте ауқымды. Бұл бастамалар еліміздің саяси жүйесі мен әкімшілік-аумақтық құрылымын едәуір өзгертеді. Оны жүзеге асыру үшін Конституцияға 30-дан астам өзгеріс енгізу қажет. Сондай-ақ жылдың соңына дейін тағы 20-дан астам заң қабылдау керек», – деді ол Жолдауды жариялау барысында. Сонымен қатар Президент заң жобасын әзірлеп, оны қабылдау едәуір уақытты алатын күрделі жұмыс. Сондықтан оған аса жауапкершілікпен қарауды тапсырды.