«Қытайдағы коронавирус – әлемдік деңгейдегі төтенше жағдай» – ДДСҰ
«Қытайдағы коронавирус – әлемдік деңгейдегі төтенше жағдай» – ДДСҰ
Фото: Интернеттен алынды
194
оқылды
«РИА Новостидің» жазуынша, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдағы коронавирусты әлемдік деңгейдегі төтенше жағдай деп атады. Дереккөздің мәліметінше, ДДСҰ Қытай бұл індетті тоқтата алады деген сенім білдіріп отыр.
Осыған дейін бүкіл әлем бойынша 7 834 адам коронавирусты жұқтырған. Олардың  7736-сы ­­– Қытай, 98-і әлемнің 18 елінде тіркелген. 1 370 адам ауыр жағдайда жатыр, 170 адам қайтыс болған.
Тағы 12 167 адам вирус жұқтырды деген қауіппен ауруханаға жеткізілген. Сондай-ақ, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл вирусты уақытша «2019-nCoV» деп атауды ұсынды. Біз бұған дейін Қазақстандағы коронавирустың алдын алу үшін жасалып жатқан сақтық шаралары жайында жазған болатынбыз.