Президент Жолдауы бүгін кешке республикалық телеарналардан көрсетіледі

Президент Жолдауы бүгін кешке республикалық телеарналардан көрсетіледі

Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауы бүгін кешке республикалық телеарналардан көрсетіледі. 

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауы бүгін сағат 21:30-да республикалық телеарналардан көрсетіледі», - деп хабарлады Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Telegram парақшасында.