Президент Жолдауы ұлыстың ұлы күні қарсаңымен тұспа-тұс келіп отыр. Мұның символикалық мәні бар деп ойлаймын. Жолдау ең алдымен қазақ мемлекеттілігінің саяси жүйесінің жаңа, әрі сара жолын сипаттады. Реформалардың жаңа бағдарламасы нақтыланды, биліктің тармақтары жүйеленді, халықтың азаматтық қатысу белсенділігінің сипаты белгіленді. Сол арқылы Қазақстандағы жаңа саяси мәдениеттің жарқын үлгісі айшықталды деп білемін.
Саяси модернизацияның елімізді ұшпаққа шығарарын айтудай айтып келеміз. Енді соның кезі келді. Әсіре президенттік биліктен парламентінің пәрмені артқан президенттік билікке қарай ойысқанымыз жаңалықтың төресі десем шындықтан қағыс кетпейміз. Президенттік билік шектеліп, Парламентіміздің қос палатасының жұмысы күшейеді. Конституциялық сот, ұлттық құрылтай сияқты билік институттары тұралай бастаған саяси жүйемізге жан бітірері сөзсіз.
Қанат Әуесбай, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының астаналық филиалы төрағасы