Елордада ғылыми жобалар көрмесі өтті
Елордада ғылыми жобалар көрмесі өтті
1,232
оқылды
Елордада «Білім және денсаулық» көрмесі өтті. Оған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ХҚҚ және «Білім Орда» ХҚҚ қарасты мектеп-лицей оқушыларының ғылыми жобалары ұсынылды. Көрмеде лицейдің 100-ден аса оқушысы математика, физика, химия, биология, информатика, география, қазақ тілі, орыс тілі, тарих, ағылшын тілі пәндері бойынша ғылыми-практикалық тәжірибелер көрсетіп, танымдық ойындар мен қызықты оқу жаттығуларын өткізеді. Сондай-ақ қатысушыларға салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған маңызды ақпараттар беріледі. көрме Көрменің мақсаты – зияткерлік ойындар мен түрлі ғылыми жаңалықтар, тәжірибелік жұмыстар арқылы оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру және оқушылар арасында өзара тәжірибе алмасу. Сонымен қатар оқушылардың алған білімін өмірлік тәжірибеде қолдана білу дағдыларын қалыптастыру арқылы креативтілікті дамыту, ғылыми-шығармашылық қабілеттерін жетілдіру көзделді. көрме көрме