«AMANAT» партиясының жастары Президент Жолдауының жүзеге асырылу тетіктерін анықтады

«AMANAT» партиясының жастары Президент Жолдауының жүзеге асырылу тетіктерін анықтады

«АМАNAT» партиясының жас көшбасшылары Жас депутаттар корпусымен бірлесе отырып, Президенттің «Жаңа Қазақстан: жаңарту және жаңғырту жолы"Жолдауын іске асыру тетіктерін анықтады. Атап айтқанда, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа Қазақстан»-ды қалыптастыруға бағытталған бірқатар маңызды саяси реформаларды ұсынды.   «AMANAT» партиясынан Мәжіліс депутаттары, сондай-ақ облыстық және қалалық деңгейдегі мәслихаттардың 500-ден астам халық қалаулылары қатысқан Жас депутаттар корпусының отырысында еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі алдағы трансформациядағы жастардың рөлі қандай екендігі анықталды.  

Талқылауға қатысқан Парламент Мәжілісінің депутаты Геннадий Шиповских: «Бүгін ел дамуының саяси моделі қайта қаралды. Олардың ішінде -  қоғамды демократизациялауға бағытталған Президенттің құзыреттігін шектеу, заң қабылдауға қатысты Парламент Мәжілісінің, жергілікті әкімдерді тағайындауға байланысты Мәслихаттардың  рөлін күшейту мәселесі»,- деп атап өтті.
«Jas Otan» Жастар қанатының Төрағасы Нұржан Жетпісбаев Президент айтқан бастамаларда жастарды қолдаудың нақты тетіктері айқындалғанын айтты.
«Партияның жастар қанаты ретінде жастардың азаматтық белсенділігін арттыру біздің алдыңғықатарлы жоспарларымыздың бірі. Сондықтан бүгін Мемлекет басшысы атап өткен мемлекеттік емес сектор өкілдерін, азаматтарды, белсенділерді мемлекетті басқару ісіне араластыру, сол мақсатты Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің орнына Ұлттық құрылтай құру орынды, және оның құрамында жастар да болады деп сенеміз. Тиісінше, бұған жастардың атсалысуын қамтамасыз ететін боламыз. Сонымен қатар, Жастар қанатының «Қайсар», «Өрлеу», «Партиялық контент-фабрика», «Кеңес орталығы» және «Сәтті қадам» сынды жобаларын іске асыру арқылы Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау бойынша жұмыстар жүргізілуде», - деді ол.
Сондай-ақ, кездесуге қатысушылар жаңа облыстардың құрылуы жастарға оң ықпалын береді деп пікірлерін білдірді.
«Бүгін шығысымызда Абай облысының, орталықта Ұлытау облысының және Жетісу облыстарын құру арқылы бірінші жағынан тарихымызды жаңғыртсақ, екінші жағынан еліміздегі аумағы жағынан ірі әкімшілік бөліністерді басқаруды ұйымдастыруға ыңғайлы болмақ. Себебі, Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары көлемі ғана емес, жастардың шоғырлануы жағынан да көшбасшы аймақтар. Осы орайда аталмыш аймақтарды бөлу жастармен нақты жұмыс істеу механизмін ұйымдастыруға ықпал етеді. Тиісінше жаңа жұмыс орындары ашылып, жастардың саяси-мәдени, тұлғалық дамуына жаңа инфрақұрылымдар пайда болып, осыған дейін облыс орталықтарынан алыс орналасқан ауылдардағы жастарымыздың әлеуметтенуіне жақсы мүмкіндік туындамақ»,- деп «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы директорының орынбасары, Президенттік кадрлық резерв мүшесі Элина Паули атап өтті.