Қазақстандықтар WhatsApp мессенджерінде жаңа реформа туралы хабарламалар таратуда. Онда әр балаға 60 000 теңгеден жәрдемақы төленеді, әйелдер мен ерлердің зейнеткерлік жасы, тиісінше, 55 және 60 жасқа дейін төмендетіледі, халықтың тұтынушылық несиесі түгел жойылады, ал көпбалалы отбасыларға елдің кез келген қаласынан тегін баспана беріледі делінген. Бұл жалған ақпарат, деп хабарлайды stopfake.kz.
«Елімізде мұндай реформа жүргізілген жоқ. Аталған идеялардың авторы қазақстандық журналист Ербол Мәндібек. Ол бұл туралы биыл 13 наурызда Facebook-тегі парақшасында жазып, мұның дайындалып жатқан реформа немесе Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөздері емес, өз ойы екенін айтқан. Алайда, тарап жатқан хабарламада бұл нақтылаулар жоқ», – делінген хабарламада.Бүгінгі Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауынлда мұндай реформалар туралы айтылмады.