ШҚО-да бірнеше автожол жабылды
ШҚО-да бірнеше автожол жабылды

ШҚО-да қар көшкіні жүру қаупі ескертілді.

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, сағат 20: 00-де "Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнарлары" тас жолының 420-450 шақырымында, сондай-ақ Берел-Рахман қайнарлары учаскесінде барлық автокөлік түрлері үшін қозғалыс шектелді.
Одан бөлек құзырлы мекеме өңірде қар көшкіні жүргенін растайтын Telegram-арнасында видео жариялады. Онда Өскемен-Алтай-Рахман қайнарлары тас жолының 438 шақырымында сайдан қар көшкіні жүргені, 60 метр төменге ылдилаған қар жолды жапқаны, қазір тазалау жұмыстары жүргізіліп жатқаны айтылады.