Нұр-Сұлтанда бухгалтерлер мен жетекшілерге арналған «1С» IX форумы өткізіліп, онда сарапшылар 2020 жылғы ҚР Салық Кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды талқылады. Сонымен бірге форумға қатысушылар ҚР азаматтарына арналған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың (МӘМС) аспектілері мен МӘМС бойынша төлем қабылдау тәртібін, «1С» шешімдері үшін заңнамалық өзгерістерді қолдау мәселелерін қарастырды. Қазақстанның Салық Кодексіне енгізілген барлық өзекті өзгерістер мен 2019 жылғы жылдық есеп беру мәселелері бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» АҚ-ның, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері, сондай-ақ, сертификатталған бухгалтерлер мен практиктер, кеңесшілер «1С-Қазақстан» компаниясының мамандары сөз сөйледі. Салық заңнамасындағы биылғы жылдың басты жаңашылдықтардың бірі – мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, шағын және микрокәсіпкерліктің дамуына жайлы жағдай жасау мақсатында тексеріске, профилактикалық, сондай-ақ салықтық бақылау мен қадағалау шараларына үш жыл мерзімге мораторий енгізу. – «1С-Қазақстан» салық заңнамасындағы өзгерістерді талқылап, түсіндіру мақсатында осы форумды тоғызыншы рет өткізіп отыр. Әр кезде осынау алаңға түрлі ұйымдардың 1000-нан аса өкілдері жиналады. Біз қызығушылық танытқан барлық қатысушыға ризашылығымызды білдіреміз. Сондай-ақ, сіз Салық Кодексіндегі өзгерістер бойынша, біздің компанияның бұрынғы әрі бүгінгі өнімдерінің қызметі турасында сұрақтардың бәріне толымды жауап ала аласыздар деген үміттеміз. Өз кезегінде біз өз қызметтеріміз бен өнімдерімізді жақсарту жолында сіздерден тың ұсыныстар мен пікірлер күтеміз, – деді «1С-Қазақстан» директоры Дмитрий Годун. Шағын және микробизнеске көмектесуді көздейтін биылғы жылдың тағы бір жаңашылдығы – корпоративті табыс салығы (КТС) мен жеке табыс салығынан (ЖТС), әлеуметтік салықтан және жер салығынан босату. Бұл өзгерістер келесі санаттарды қамтиды:
- Патент негізіндегі ЖК (жеке кәсіпкер);
- Жеңілдетілген режимде, тіркелген шегерімді қолдана отырып арнайы салық режимі (АСР) бойынша жұмыс атқаратын ЖК мен заңды тұлға;
- АСР-ды қолданатын ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер мен ауыл шаруашылығы кооперативтері;
- Кейбір санаттарды қоспағанда фермерлік және шаруа қожалықтар.
- ҚР аумағы бойынша тауардың орнын ауыстыру, сату және (немесе) тиеу кезінде - тауардың орнын ауыстыру, сату және (немесе) тиеу басталғаннан бір күн өтпей.
- Қазақстан аумағына тауарды кіргізу кезінде (импорт): ЕАЭО мүшесі саналмайтын мемлекеттің аумағынан – тауар еркін айналымға шықпастан бір күн өтпей; ЕАЭО мүшесі саналатын мемлекеттің аумағынан – Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезден бір күн өтпей.
- Қазақстан аумағынан тауарды шығару кезінде (экспорт) тауардың орнын ауыстыру, сату және (немесе) тиеу басталғаннан бір күн өтпей.